АҚШ-та тұрғын үйде жарылыс болды

АҚШ-та тұрғын үйде жарылыс болды

Ал АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жер үйде жарылыс болып, екі адам жарақат алды.

Олардың бірін қатты күйік шалса, екіншісі үйінділер астында қалып қойған. Жарылыстың күштілігі соншалық үйдің қасындағы гаражды жермен жексен еткен. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз. Өрт сөндірушілер оқиға орынна жеткенде табиғи газдың иісі қатты шыққанын айтады. Жақын маңдағы үйлерден тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір оиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.