Австралияда циклон тұрғындарды әбіргерге түсірді

Австралияда циклон тұрғындарды әбіргерге түсірді

Австралияның батыс жағалауында тропикалық циклон ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен мыңдаған ғимараттың тас талқаны шықты.

Қатты желден аймақтағы электр желілері үзілген. Билік өкілдері Калбарри қаласының инфрақұрылымы 70 процентке зақымдалғанын айтады. Абырой болғанда, мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандар апаттан келген шығын мөлшерін есептеп жатыр.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарға жарық  бірнеше күннен кейін ғана қосылады дейді. Қазір желдің екпіні бәсеңдегенімен аймақта нөсер жауын құйып тұр.