БАӘ билігі туристердің елге кіру ережелерін өзгертті

БАӘ билігі туристердің елге кіру ережелерін өзгертті

Шарджа билігі шетелдік саяхатшылардың елге кіру шарттарын жаңартты, деп хабарлады ATOR.

Жаңа ереже ПТР тестінің жарамдылық мерзіміне қатысты. 18 сәуірден бастап шетелден келгендерден 72 сағат бұрын жасалған коронавирустың теріс нәтижесі туралы араб немесе ағылшын тілдерінде толтырылған қағаз түріндегі анықтама талап етіледі.

Тест міндетті түрде аккредиттелген зертханада өткізілуі керек.

Бұрын Шарджаға кіру үшін туристерден 96 сағат бұрын толтырылған анықтама жарамды болатын.