БАӘ 2022 жылы Айға аппаратын ұшырады

БАӘ 2022 жылы Айға аппаратын ұшырады

Біріккен Араб Әмірліктері Жапониямен бірлесіп 2022 жылы Айға аппаратын ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл араб елінің ғарышты игерудегі ең басты жобасы болмақ. Әмірліктер жасаған «Рашид» деп аталатын Айда жүретін құралды Жапондардың «Ай-Спейс» жекеменшік компаниясы жеткізеді. Тиісті келісімшартқа қол қойылды. Миссияның басты мақсаты айдың бет-бедері жайлы ақпар жинау. Бұл елдегі Ғарыш агенттігі 2017 жылы құрылған.

Хамад Әл-Марзуки, БАӘ Ай миссиясының инженері:

- Бұл еліміздің айға ғарыш аппаратын ұшыру бойынша алғашқы миссиясы. Аппаратты толықтай өзіміздің мамандар жасайды. Ол мәліметтерді жинаған соң айда қалады.