Netflix 2021 жылы Колумбияда кеңсесін ашады

Netflix 2021 жылы Колумбияда кеңсесін ашады

Netflix сервисінің өкілдері биыл Колумбия астанасында жаңа кеңсе ашу туралы шешім қабылдады.

«Жаңа маусым. Боготадағы жаңа кеңсе. 2021 жылы тұсаукесер», - делінген компания таратқан видеода.

Колумбия президенті Иван Дуке компанияның шешімін құптады.

Netflix компаниясы 1997 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Калифорния штатының Лос-Гатос қаласында орналасқан. 2013 жылдан бастап Netflix өз фильмдерін, сериалдарын және телебағдарламаларын түсіреді.