Грекияда студенттік қалашықтарды күзетуге қарсы шеру өтті

Грекияда студенттік қалашықтарды күзетуге қарсы шеру өтті

Грекияның Салоники қаласында мыңдаған студент университет қалашығын күзету туралы заң жобасына қарсы шеруге шығып, қақтығыс болды.

Бастапқыда шеру бейбіт басталған. Бірақ акцияға қатысушылар тәртіп сақшыларына тас лақытырған соң қақтығысқа ұласты. Кей шерушілер полицейлерге жанғыш шөлмек лақтырып, 2 адам жарақат алды. Акцияны ұйымдастырушылар студенттік қалашықтарды полицияның күзетуі жастардың жүріп тұруын шектейді деп одан бас тартуды талап етіп жатыр. Наразылық шарасы Грекия астанасы Афинда да болды.