Бразилия ковидтен қайтыс болғандар жөнінен әлемде бірінші орынға шықты

Бразилия ковидтен қайтыс болғандар жөнінен әлемде бірінші орынға шықты

Бразилия коронавирустан қайтыс болғандардың күнделікті көрсеткіші бойынша әлемде ең алдыңғы орынға шықты.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Науқастардың көбейгені сонша, тіпті ауруханаларда орын жоқ. Бұдан басқа ауырсынуды басатын дәрілер жетіспей жатыр. Бұл препарат науқастарды өкпені жасанды желдететін құралға қосу кезінде өте қажет.

Айта кетейік, Бразилияда індет басталғалы 13 миллион 700 мың адам ковид-19 жұқтырған, 362 мыңнан астамы қайтыс болды.

Аурео До Кармо Филхо, жансақтау бөлімінің дәрігері:

- Біз өкпені жасанды жолмен желдету құралын қосар кезде ауырсынуды басатын дәріні қолданбай науқасқа түтікті кіргізе алмаймыз. Бұлай жасауға болмайды. Оның ауыртпалығын науқас айта алмаса да қатты сезінеді. Сондықтан ауырсынуды басатын дәрілер бізге ауадай қажет. Мұндай қиын жағдайды 20 жылдық тәжірибемде кездестіремін деп ешқашан ойлаған емеспін.