ЕО AstraZeneca компаниясымен келісімшартты ұзартпауы мүмкін

ЕО AstraZeneca компаниясымен келісімшартты ұзартпауы мүмкін

Еуроодақ AstraZeneca компаниясымен коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу туралы келісімшартты ұзартпауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені өндіруші Кәрі құрлыққа екпені жоспардан кешіктіріп жеткізіп жатыр. Келісім бойынша AstraZeneca биыл бірінші тоқсанда препараттың 120 миллион, екінші тоқсанда 180 миллион дозасымен қамтамасыз етуі керек еді. Алайда Еуородақ елдері наурызда небәрі 30 миллион доза ғана алған. Негізі одақ өкілдері мен компания арасындағы жасалған келісімшарттың мерзімі биыл 30 маусымда аяқталуға тиіс.