Венгрия кондитерлері тұрғындарға вакцина түріндегі тәттілерді ұсынды

Венгрия кондитерлері тұрғындарға вакцина түріндегі тәттілерді ұсынды

Түрлі түсті мусстарға коронавирусқа қарсы препараттардың атауы берілген.

Кондитерлер бұл халықты вакцина салдыруға ынталандыру үшін жасалып отырғанын айтады. Дегенмен елде тиісті науқан қарқынды жүріп жатыр. 10 миллионға жуық тұрғыны бар мемлекетте препараттың 4 жарым миллионнан аса дозасы салынған екен. Осылайша Венгрия халық санына шаққанда салынған екпе саны бойынша әлемде алда келе жатқан елдердің бірі болып отыр.

Каталин Бенко, кондитер:

– Біз әдейі тәттілердің бірнеше түрін жасадық. Сонда халық вакцина салдыруда да осындай таңдау барын түсінеді. Яғни ешкім ешкімді күштемейді. Сондай-ақ біздің тәтті екпемізден кейін жанама әсер байқалмайды. Оны жегеннен кейін тек жақсы көңіл күй ғана қалады.