Ұлыбританияда биткоин орнына бриткоин шығару ұсынылды

Ұлыбританияда биткоин орнына бриткоин шығару ұсынылды

Ұлыбританияның қаржы министрі жеке цифрлық валюта – бриткоин шығаруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте Англия банкі мен Қазынашылығында ортақ жұмыс тобы құрылатын болды. Бұған дейін жергілікті мамандар әлемдегі басты криптовалюта биткоинның транзакциялар жасауда тиімділігі төмен екенін айтқан. Өйткені инвесторлар үшін қауіпті болуы мүмкін. Жалпы Ұлыбританиядан бөлек, Қытай билігі де өзінің жеке цифрлық валютасын шығаратынын жария еткен. Оны пилоттық режимде сынақтан өткізу жұмыстары былтыр қазанда басталған.