Берлинде локдаунға наразы топ полициямен қақтығысты

Берлинде локдаунға наразы топ полициямен қақтығысты

Тәртіп сақшылары ереуілшілерді тарату үшін күш қолдануға мәжбүр болған. Ондаған адам қамауға алынды.

Қақтығыс кезінде парламентте үкіметке локдаун және коменданттық сағат енгізуге қосымша өкілеттік беру туралы заң жобасы талқыланып жатқан еді. Кейбір аймақтардың басшылары коронавирустың өршігеніне қарамастан қатаң шаралар қабылдаудан бас тартқан. Осыдан кейін канцлер Ангела Меркель аталған құжатты талқылауға ұсынған.

Тило Каблиц, Берлин полициясының өкілі:

- Шеруді күшпен таратуға мәжбүр болдық. Себебі ереуілшілердің көбі шектеу ережелерін еш ұстанбады. Бетперде кимей, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жоқ. Ұйымдастырушылар жағдайды бақылауды уысынан шығарып алды. Әйтпесе біз оларға қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін кеңірек аумақ беріп, қолайлы жағдай жасадық. Бірақ тәртіп бұзушылар көп болды.