Тынық мұхитында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды
Тынық мұхитындағы Тонга корольдігінің жағасында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Нукуалофа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 202 шақырым жерде болды.
Бұл – шамамен 22,4 мың адам тұратын корольдіктің астанасы. Жер сілкінісінің ошағы 234 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.