Ауғанстанда автобустардың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты

Ауғанстанда автобустардың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты

Ауғанстанда жолаушылар таситын екі автобус соқтығысты. Соның салдарынан 7 адам қаза тапты.

Тағы ондаған кісі жарақат алды. Бәрі ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, апат Кабул-Кандагар тас жолына жақын жерде болған. Көліктердің ішінде 70-тей жолаушы отырған. Қазір жол апатына не себеп болғаны анықталып жатыр.