Берлиндегі мешіттердің бірінде халық экспресс-тест тапсыру үшін кезекке тұрады

Берлиндегі мешіттердің бірінде халық экспресс-тест тапсыру үшін кезекке тұрады

Германияның Берлин қаласындағы мешіттердің бірінде халық экспресс-тест тапсыру үшін ұзын сонар кезекте тұрады.

Өйткені құлшылық орнына тесттің теріс нәтижесі бар адамдар ғана кіруге құқылы. Тест тегін тапсырылады. Дәрігерлердің айтуынша, қолға алынған шара мешіттерде қасиетті Рамазан айында індеттің таралуына жол бермейді. Сонымен қатар шаһардың бірнеше спорттық клубтарында да келушілер мобильді зертханалардың көмегімен экспресс-тест тапсыра алатын болды. Нәтиже он минуттың ішінде дайын. Кәсіпкерлер алдағы уақытта мұндай мобильді зертханаларды сауда орындарында да ашпақ ниетте.