Трамптың адвокаты күдікке ілінді ме?

Трамптың адвокаты күдікке ілінді ме?

АҚШ-та тергеушілер экс-президент Дональд Трамптың адвокаты Рудольф Джулианидің Нью-Йорктегі пәтерін тінтті.

Рейд Джулинаидің Украинаға қатысты іс бойынша жүргізілді. Прокуратура 76 жастағы қорғаушының Трамп президент болғанда Украина билігін Байденге қарсы материалдар дайындауға ықпал еткенін анықтамақшы. Осы іс бойынша 2019 жылы Трампқа алғаш рет импичмент жарияланған еді. Ол кезде демократтар Трамп өзінің билігін пайдаланып Украина үкіметіне қысым көрсетпек болды деп айыптаған еді. Себебі Трамп Байденге қарсы іс қозғалмаса, Украинаға қаржылай көмекті тоқтататынын айтып сес көрсеткен. Ал Джулинаидің өзі тергеудің саяси астары бар деп отыр.