429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Facebook табысы 26 млрд доллардан асты

  • 75
  • UPD: 14:05, 29.04.2021
Facebook табысы 26 млрд доллардан асты

Американың IT саласындағы алпауыт компаниялары жылдың бірінші тоқсанындағы табысын жариялады.

Google, Apple және Facebook-тың табысы еселеп артқан. Facebook табысы 26 миллиард доллардан асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Таза пайда 94 процентке өскен. Оның жартысына жуығы жарнамадан түскен. Компанияға қарасты Instagram, WhatsApp желілерінің қолданушыларын қоса есептегенде Facebook-тің желілерін жалпы саны 1 жарым миллиард адам тұтынады.

Хабар 24 телеарнасы