Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі есеге қысқарды

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі есеге қысқарды

Түркияда жарияланған толық локдаун өз күшіне еніп, мамырдың 17-іне дейін жалғасуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Локдаун басталмай тұрып Ыстамбұл мен Анкараның біршама тұрғындары ірі шаһардан уақытша көшуді жөн көрді. Сол себепті қала сыртында көліктердің ұзын сонар кептелісі орын алды.

Естеріңізге салайық, жуырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған карантинді қатаңдатып, індеттің таралуы ушығып тұрған барлық аймақта коменданттық сағат енгізді. Жаңа талаптарға сай тұрғындар демалыс күндері де аса қажеттілік болмаса, сыртқа шыға алмайды. Көптеген мекемелердің жұмыс уақытына да шектеу қойылды. Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы да екі есеге қысқарды. Мамандар отандастарымызды түрік еліне уақытша сапарламауға шақырады.