Елімізге қытайлық вакцинаның 750 мың дозасы жеткізілді

Елімізге қытайлық вакцинаның 750 мың дозасы жеткізілді
Фото: ©REUTERS

Министрдің айтуынша, халықтың кем дегенде 60%-і коронавирусқа қарсы екпе салдыртса, ведомство келешекте маска кию режимін тоқтату туралы ой қозғайды.

Осы орайда, Алексей Цой азаматтарымызды вакциналау кампаниясын қолдауға шақырды. Айта кетейік, бүгін елге қытайлық «Синофарм» екпесінің 750 мың дозасы әкелінді. Ол еліміздің барлық өңірлеріне таратылады.

«Қазақстандықтар «Спутник V» және QazVac екпелерімен қатар осы вакцинаны да салуға мүмкіндік алады», - деді министр. Қазір біздің ел АҚШ компаниялары шығарған екпелерді сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.