Венгрияда вакцина алған тұрғындар үшін шектеу шаралары жеңілдеді

Венгрияда вакцина алған тұрғындар үшін шектеу шаралары жеңілдеді

Қазір билік өкілдері екпе алудың барлық кезеңінен өткен тұрғындар мен қауіпті инфекциядан айыққандарға арнайы «иммунитет карталарын» таратып жатыр.

Оның көмегімен азаматтар қоғамдық орындарға емін-еркін бара алады.

Айта өтейік, осы уақытқа дейін Мажар халқының 40 проценті вакцина қабылдап үлгерген. Бұл көрсеткіште Венгрия Еуроодақ аумағы бойынша екінші тұр.