Францияда індеттің жаңа штамдарын жұқтырғандар саны артып келеді

Францияда індеттің жаңа штамдарын жұқтырғандар саны артып келеді

Францияда коронавирустың жаңа штамдары вирусты жұқтырғандардың 10-15%-інен анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік бұл елде індеттің жаңа толқынына әкелуі мүмкін деп алаңдап отыр. Бірақ қазір кезекті локдауннан кейін вирустың таралуы саябырлай бастаған. Республикада күніне шамамен коронавирус 25 мың адамнан анықталуда. Індетке қарсы тұру үшін елде адамдарды тестілеу күшейтілген. Барлық күдіктінің тест нәтижелері қайта тексерілуде. Ал жаңа штамды жұқтырғандар бірден оқшауланып жатыр. Шекарадағы бақылау қатаңдатылып, Оңтүстік Африка, Үндістан, Бразилия Аргентина және Чилиден келген азаматтар 10 күндік карантинге жіберіледі. Үкімет жақын күндері «қызыл» тізімге енген елдердің саны артуы мүмкін екенін айтады.

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Азаматтардың тұрақты орны бойынша 2,5 мыңнан аса тексеріс жүргізіліп, 141 тұрғынға айыппұл салынды. Олар оқшаулау тәртібін бұзған. Біз жаңа штамдардың таралуына жол бермеуіміз керек. Сондықтан бақылауды күшейтетін боламыз.