ДДСҰ Вашингтонның ұсынысын қолдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ-тың вакцинаға патентті уақытша тоқтату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлады «Хабар 24».

Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус бұл індеттің таралуына тезірек тосқауыл қоюға көмектесетінін айтады және екпелерді шығаруды ұлғайтып, олардың әлем елдеріне әділ бөлінуіне септігін тигізеді деп отыр.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай мәлімдеме жасап, вакцинаға патенттен уақытша бас тартуды ұсынған еді. Вашингтон мәселе бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізуге ниетті.