Үндістанның Карнатака және Тамилнад штаттарында локдаун жарияланады

Үндістанның Карнатака және Тамилнад штаттарында локдаун жарияланады

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жаңа карантин келесі аптада күшіне еніп, 24 мамырға дейін жалғаспақ.

Карнатака штатының әкімшілік орталығы Бангалор қаласында ауруханалар лық толы, коронавирустан емделіп жатқан науқастарға оттегі жетпей жатыр. Сондай-ақ аймақтағы вакциналау орталықтарында препарат таусылып қалса да, екпеден үмітті адамдар ұзын-сонар кезектен кетер емес. Айта кетейік, Үндістағы эпидахуал ақпан айынан бері ушықты. Мамандардың айтуынша, індеттің өршуіне жұғу деңгейі жоғары штамдардың кеңінен таралуы және тұрғындардың сақтық шараларын ұстанбауы себеп.

Блиц:

- Біз тығырыққа тірелдік. Вакциналау науқанын әу бастан қатаң жүргізу керек еді, бірақ бұлай болмады. Адамдар вакциналау орталықтарындағы кезекте сарылып босқа тұр.