Кабулдағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 58 адамға жетті

Лаңкестік әрекет қыздарға арналған мектеп жанында болған.

Тағы 150-ден астамы жарақат алған. Құрбандардың көбі – оқушы қыздар. Содырлар жарылғыш зат қойылған көлікті қашықтан басқару арқылы жарып жіберген. Сосын 2 рет зымыран атқыланды. Бұл уақытта сабақ аяқталып, оқушылар мектептен шыға бастаған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани жарылысқа қатысты «Талибан» қозғалысын айыптады.