Украинада 4 млн-ға жуық қызғалдақ қолдан отырғызылған

Украинада 4 млн-ға жуық қызғалдақ қолдан отырғызылған

3 миллион 700 мың дана түрлі-түсті қызғалдақ Киев өңірінде дәл қазір жайқалып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл гүлдердің барлығы қолдан отырғызылған. Дұрыс күтіп-бапталған қызғалдақтар бүгінде Украина тұрғындары мен туристерін әдімілігімен тәнті ентуде.

Өткен жылы ғана ашылған Киев өңіріндегі ерекше саябақ мамыр айынан бастап Украина тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Қазан мен желтоқсан айының аралығында осы аймаққа жүз елу түрлі қызғалдақ отырғызылған. «Биыл қолдан егілген гүлдердің саны 4 млн-ға жуықтаса, келесі жыл қызғалдақтардың саны 8 млн-ға дейін жетпек», - дейді парк директоры. Ересектерге арналған билет құны 5 долларды құрайды. «Әзірге бұл саябақ құйылған инвестицияны ақтаған жоқ, пайданы 2-3 жылдан кейін ғана көретін боламыз», - деп үміттенеді парк басшылығы.

Игорь Добруцкий, кәсіпкер:

- Гүлдерді күтіп-баптаудың айтарлықтай қиындығы жоқ. Біз тіпті суармаймыз да. Бұл жерде ең бастысы – топырақтың құнарлығы. Сондықтан бастапқыда топырақтың қоспасы дұрыс таңдалған болса, гүлдер қыстан аман шығып, өз бетімен әдемі боп өсе береді.