Грекияда туристік маусым 14 мамырда ашылады

Грекияда туристік маусым 14 мамырда ашылады

Грекия билігі маусым айының соңына дейін арал тұрғындарының барлығына коронавирусқа қарсы екпе егуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шешім аймақта туристік маусымның басталуымен байланысты. Қазір халық саны 11 млн болатын елде шамамен 3,5 млн тұрғын вакцина қабылдады.

Айта кетейік, Грекиядағы туристік маусым мамырдың 14-і ашылады. Осыған орай аймақтағы мұражайлардың жұмысы жанданып, халықтың аймақаралық қозғалысына рұқсат беріледі. Бұл өзгерістерге қарамастан елде бетперде тағу сияқты санитарлық талаптар қатаң қадағаланатын болады.  

Каллитса Франгискоу, жергілікті клиника басшысының орынбасары:

– Біздің есептеуіміз бойынша маусым айының ортасына қарай елдің барлық азаматтары екпе қабылдайды. Осылайша, арал шет елген туристер үшін қауіпсіз болады.