Таяу Шығыста шиеленіс ушығып барады

Таяу Шығыста шиеленіс ушығып барады

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр. ЦАХАЛ мен ХАМАС бір-біріне жаудырған оқтарын тоқтатпай жатыр. Израильдің қарулы күштері бүгін Газа секторындағы Хамас қозғалысының нысандарына соңғы апта ішінде ең үлкен шабуыл жасағанын айтады.

Бір сағаттың ішінде Цахалдың ондаған әскери ұшағы 150 нысанды атқылаған. Бұл туралы Израильдің қоғаныс әскері хабарлады. Сонымен қатар, Ведомство бір де бір әскердің Газа аумағына кірмегенін айтады. Хамас қозғалысы да жауапты соққыларын іске асыруда.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Газа аумағынан Израильдің бірнеше қаласына зымыранмен шабуыл жасалған. Салдарынан Израильде мерт болғандардың жалпы саны 8 адамға жетті. Олардың бірі әскери. Ал Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі қарулы-қақтығыс басталғалы 115 адам көз жұмғанын хабарлайды. Марқұмдардың арасында балалар мен әйелдер бар. Тағы жүздеген адам түрлі жарақат алған.