БҰҰ Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетпек

БҰҰ Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетпек

БҰҰ-ның Таяу Шығысқа жіберген гуманитарлық көмегі Газа аумағына кіруге рұқсат алғанымен, атыс-шабыс салдарынан шекарадан өте алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ассоушиейтед пресс ақпарат агенттігі хабарлайды. Белгілі болғандай бақылау өткізу бекетінен өтпей қалған 5 жүк көлігіне азық-түлік, медициналық құрал-жабдық пен жанармай тиелген. Гуманитарлық жәрдемді БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмектесу үшін  Таяу Шығыс Агенттігі ұйымдастырды.

Айта кетейік, осы ұйымның үйлестірушісі Линн Хастингс Газа секторына гуманитарлық қордан 14 млн доллар көмек бөлмек. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселе бойынша бас хатшысының орынбасары Марк Лоукок хабарлады.