Аргентинада фермерлер уақытша сиыр етін сатудан бас тартты

Аргентинада фермерлер уақытша сиыр етін сатудан бас тартты

Аргентинада фермерлер жергілікті биліктің саясатына қарсылығын білдіріп, уақытша сиыр етін сатудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саудагерлердің бұл наразылығына жергілікті биліктің 30 күнге ет экспортына тыйым салуы себеп болды. Осылайша елдің 4 ірі ауылшаруашылық қауымдастығы мамырдың 20-сынан бастап 9 күнге мал сатпайтын болды. Кәсіпкерлер ет экспортының тоқтауы ел экономикасына нұқсан келтіретінін алға тартады. Ал билік өкілдерінің айтуынша, бұл шешім ел ішіндегі нарықтағы бағаның төмендеуіне бағытталған. Мәселен, соңғы кездері сиыр етінің бағасы тым шарықтап кеткен.

Айта кетейік, ет экспорты бойынша Аргентина әлем елдері ішінде алғашқы елдердің қатарында. 2020 жылы бұл ел құны 2 млрд 700 млн доллар болатын 900 мың тоннаға жуық етті шетелге шығарған. Оның тең жартысын Қытай сатып алды. Ал биылғы жылдың наурызында бұл көрсеткіш 8,3 процентке артты.