ЕО-да салық төлеудің бірыңғай ережелері енгізіледі

ЕО-да салық төлеудің бірыңғай ережелері енгізіледі

Мұндай заңсыз әрекеттер коронавирустан кейін қалыпқа келу үшін салық төлемдері ауадай қажет кезде орын алып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстіне, Еуроодақ елдеріндегі корпоративтік салық төлеудің қазіргі жүйесі ұзақ мерзімді басымдықтарға сай келмейді. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссия мамандары мәлімдеді.

Паоло Джентилони, экономика жөніндегі еурокомиссар:

– Еуроодақ елдері жыл сайын салық алаяқтығы мен салық төлеуден жалтару салдарынан ондаған миллиард доллар жоғалтады. Нақтысын айтсақ, қосылған құн салығына қатысты шекарадағы алаяқтық кесірінен жылына 50 млрд еуро, жеке тұлғалардың халықаралық салықты төлемеуінен 46 млрд еуро және Еуроодаққа корпоративтік салықты төлеуден жалтару негізінде 70 млрд еуро жоқ болады. Бұның бәрін реттеу керек.

Валдис Домбровскис, Еурокомиссия вице-президенті:

– Ірі экономикалық ойыншылардың салық төлеуін қоғам алдында ашық қылу арқылы тиімді салық жүйесін қамтамасыз ету және салық төлеу мақсатында жалған компанияларды пайдалануға қарсы күрес жүргізу үшін шаралар қолданамыз.