Қытайдағы марафон кезінде қаза тапқан адам саны 21-ге жетті

Қытайда марафон кезінде қаза тапқан адам саны 21-ге жетті. Жеңіл жарақат алған тағы 8 адам ауруханаға жеткізілді.

Жарысқа қатысқан 172 адам таулы аймақта 100 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуге тиіс болатын. Алайда ауа райы күрт өзгеріп, жолдың биік бөлігіне шыққан жүгірушілерге бұршақ жауып, күшті жел соққан. Лезде суып кетіп, біраз адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Осыдан кейін жарыс тоқтатылып, билік өкілдері құтқару операциясын ұйымдастырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қытайдың Ганьсу провинциясында өткен марафон кезінде 16 адам қаза тапқаны туралы хабарладық.

Қытайда марафон кезінде 16 адам қаза тапты