Билік жанартаудың атқылауы туралы бізге ескерткен жоқ – Конго тұрғындары

Билік жанартаудың атқылауы туралы бізге ескерткен жоқ – Конго тұрғындары

Конго Демократиялық Республикасында Ньирагонга жанартауының атқылауынан жұрт мал-мүлкін тастап, жан-жаққа қашты. Бас сауғалаған бес мыңдай адам Руандамен шекарадан өтті. 

Жергілікті тұрғын:

- Конго үкіметін түсінбей отырмыз. Айналамызда өрт өршіп тұрғанда жанартаудың атқылауы туралы дер кезде ескерткен жоқ. Енді билік апаттан зардап шеккен халыққа көмектесуі тиіс.