Литва билігі Беларусьтің әуе кеңістігімен ұшып өткен ұшақтарды қабылдамайды

Литва билігі Беларусьтің әуе кеңістігімен ұшып өткен ұшақтарды қабылдамайды

Литва билігі Беларусь елінің әуе кеңістігімен ұшып өткен ұшақтарды қабылдамайды. Бұл туралы премьер-министр Ингрида Шимоните мәлімдеді.

Қазір ел азаматтарына көрші елге сапарға шығуды жоспарламауға кеңес берілді. Ал Минск әуежайында Lufthansa ұшағы ұсталған еді. Рейс теракт қаупіне байланысты тоқтатылған болатын. Бірақ көп ұзамай бұл ақпарат расталмады.

«Райанэйрмен» болған оқиғадан кейін бірқатар әуе компаниясы Беларусь кеңістігімен ұшуды тоқтата бастады. Кеше Афиннен Вильнюске бет алған «Райанэйр» компаниясының ұшағы шұғыл түрде Минскіге қонды. Оған ұшақ бортында жарылғыш заттың болуы мүмкін деген хабар түрткі болды. Бірақ бұл ақпарат расталмады. Кейін осы ұшақпен Вильнюске бара жатқан «Nехtа» телеграм арнасының бұрынғы бас редакторы, Александр Лукашенко режиміне ашық қарсы шыққан Роман Протасевич ұсталған. Осыған байланысты ондаған мемлекет пен халықаралық ұйым Беларусь билігін қатаң сынға алды.