Эквадорда жойылып кетті деп саналған тасбақалар табылды

Эквадорда осыдан 100 жыл бұрын мекен еткен, кейін тұқымы тұздай құрыған алып тасбақалардың бір түрі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдері жуырда осындай ақпар таратты. Айтуларынша, жер бетінен жойылып кетті деп саналған жануарлар Галапагос аралдарынан анықталыпты. Зерттеу жұмыстары барысында ғалымдар алып тасбақаға тән іздер мен оның тезегін тапқан. Кейін генетикалық материалдарды тасбақаның сақталып қалған қалдықтарымен салыстырып көрген мамандар 100 проценттік сәйкестіктің барына көз жеткізген. Енді зоологтар алып тасбақалардың осы бүр түрін сақтап қалуға бағытталған жаңа экспедиция ұйымдастырмақ.