Францияда белгісіз біреу полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Францияда белгісіз біреу полиция қызметкеріне шабуыл жасады
© EPA-EFE/IAN LANGSDON

Францияның Ла-Шапель-сюр-Эрдр қаласында белгісіз біреу полиция қызметкерін жарақаттады.

Оқиға комиссариатта болған. Бұл туралы BFM телеарнасы хабарлайды.

Арна мәліметінше, қаскөй полицияда қызмет ететін әйелге тап беріп, оның қаруын алып қойған. Сонан соң оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір қылмыскерді арнайы жасақ іздестіріп жатыр, екі тікұшақ жұмылдырылған.

Ал комиссариат қызметкерінің жағдайы аса ауыр деп бағаланды.