Вьетнамда коронавирустың жаңа гибридті түрі анықталды

Вьетнамда коронавирустың жаңа гибридті түрі анықталды

Ол бір жағынан үндістандық, екінші жағынан британдық штамға ұқсас.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл мутация өзгесіне қарағанда тез жұғуы мүмкін. Мамандар соның салдарынан шектеулерге қарамастан елде соңғы күндері коронавирус жұқтыру деректерінің күрт артып кеткенін айтады.