Флоридада атыс кезінде екі адам мерт болды

Флоридада атыс кезінде екі адам мерт болды

АҚШ-тың Флорида штатында да атыс болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қанды оқиғадан тағы 25 азамат түрлі жарақат алған. Қаруланған белгісіз 3 адам Майами-Дейд округіндегі бильярд клубында жиналған жұртқа бей-берекет оқ жаудыра бастаған. Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағандар оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Альфредо Рамирес, полиция басқармасының басшысы:

– Бұл бильярд клубында концерт өтуі керек болатын. Қаскөйлер ақ түсті автокөліктен шығып, жиналған бір топ адамқа қасақана оқ жаудырды. Бірнеше адам мерт болды. Шамамен 20-25 адам түрлі деңгейде жарақат алған.