Ауғанстанда күзетшілер мінген көлік жарылды

Ауғанстанда күзетшілер мінген көлік жарылды
РИА Новости

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында теміржол күзетшілері мінген көлік жарылды.

Мина жолдың бойына қойылған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, салдарынан алты адам көз жұмып, екі адам жарақат алған.

«Тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді губернатор.

Бұған дейін де жол бойына қойылған бомбадан көлік жарылған болатын. Ол кезде бес адам қаза тапты, олардың ішінде балалар да бар.