Байден Путинмен кездесуінде қандай мәселе көтермек

Байден Путинмен кездесуінде қандай мәселе көтермек

Президент Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескенде адам құқықтары мәселесін көтеріп, оны бұзуға жол бермейтінін түсіндірмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй басшысы Дэлавер штатындағы Еске алу күніне орай өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Байденнің айтуынша, ол жақында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де телефон арқылы сұхбат кезінде осы мәселені көтерген.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Ресей басшылары маусымның 16-сы күні Швейцарияда кездесуі жоспарланған. Басқосуда екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық мәселелер талқыланбақ.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Екі аптадан соң Женевада президент Путинмен кездесеміз. Басқосу кезінде пысықтайтын шаруамның бірі – егер қандай да бір елде адам құқықтары бұзылып, оның бостандығына нұқсан келсе, АҚШ бейжай отыра алмайтынын түсіндіру. Соған күш саламын.