Ресей мамандары: Коронавирус жүкті әйелден балаға жұқпайды

Коронавирус инфекциясы жүкті әйелден іштегі балаға жұқпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей мамандары осылай деп отыр. Алайда аяғы ауыр жандар үшін вирус қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе созылмалы ауруы барлар сақтанғаны абзал .Сонымен қатар сәбилер интенсивті терапияны қажет етеді дейді. Жуырда ресейлік дәрігерлер жүктілігі жайында білмей вакцина қабылдаған 100 мың нәзік жандыны зерттей келе, екпенің оларға еш жанама әсері тимегенін анықтады. Қорытындылай келе, олар бала тууды жоспарлап отырғандар коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағандары жөн деген пікірді алға тартады.

Лейла Адамян, РФ денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы:

– Барлық әйелдің жүктілігі ойдағыдай өтті. Аурудың асқынуы тіркелген жоқ. Яғни коронавирус инфекциясын жұқтырған күннің өзінде жеңіл өтеді. Іштегі балада да иммунитет қалыптасатынына сенімдіміз.