427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ryanair-дің тағы бір рейсі шұғыл қонуға мәжбүр болды

  • 129
  • UPD: 17:38, 31.05.2021
Ryanair-дің тағы бір рейсі шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ұшақта бомба бар! Осындай дабылдан кейін Ryanair әуе компаниясының Ирландиядан Польшаға ұшып бара жатқан рейсі Берлин әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақта 160 адам болған. Жүк қауіпсіз жерге жеткізіліп, иттермен тексерген. Абырой болғанда жарылғыш зат туралы хабар жалған болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда Афинадан Вильнюске бет алған Ryanair компаниясының ұшағы шұғыл түрде Минскіге қонған еді. Оған ұшақ бортында жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабар түрткі болды. Бірақ бұл ақпарат та расталмады. Кейін осы ұшақпен Вильнюске бара жатқан «Нехта» телеграмм-арнасының бұрынғы бас редакторы, Александр Лукашенко режиміне ашық қарсы шыққан Роман Протасевич қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы