Қырғызстан СOVID-19-ға қарсы егілген шетелдік туристерді қабылдауға дайын

Қырғызстан СOVID-19-ға қарсы егілген шетелдік туристерді қабылдауға дайын
24.kg

Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы туризм департаменті директорының орынбасары Кыял Кенжематова хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдің туризм департаменті коронавирустық пандемиядан кейін Қырғызстандағы туризм саласын дамытуға бағытталған алгоритмді әзірледі. Ол шетелдік туристердің санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауын көздейді. Сондай-ақ құжатта туристер  Қырғызстанға COVID-19-ға қарсы екпені алған жағдайда келе алатындығы көрсетілген.

Қазіргі уақытта аталмыш алгоритм Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің қарауында жатыр.