Канадада вакцинаны араластырып салуға рұқсат берілді

Канадада вакцинаны араластырып салуға рұқсат берілді

Канадада коронавируске қарсы әртүрлі вакцинаны араластыруға рұқсат берілді.

Елде қазір препараттың 3 түрін қолданып жатыр. Бұл Модерна, Пфайзер-Байонтек және Ваксзевриа. 2 түрлі вакцинаны араластыру қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсеткен. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай қадамға бармауға кеңес береді. Канадада жасы 12-ден асқан балаларға Пфайзер-Байонтек препаратын ғана қолданады.