425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австриялық өнертапқыштар ақылды аяқ киім шығарды

  • 74
  • UPD: 10:02, 03.06.2021

Инновациялық құрылғы зағип жандарға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 метр алда тұрған кедергіні сезіп, аяқ киім иесіне ультрадыбыс арқылы ескерту жібереді. Вибрация аяқ киімнің ішінде немесе смартфонда жасалады. Бұл қолға ұстаған таяққа қарағанда ұтымдырақ. Негізі құрылғы 2 бөліктен тұрады. Бірі тұтас аяқ киім түрінде. Екіншісі тұмсығына ғана кигізетін қыстырғыш ретінде. Бағасы – 3 мың 800 еуро.

Маркус Раффер, кәсіпкер:

– Тумысымнан көзім нашар көреді. Ұзақ уақыт бойы түрлі құралдарды қолданып көрдім. Бірақ ешбірі көңілден шықпады. Содан аяқ киім ішіндегі ескерту жүйесі туралы іздене бастадым. Өзіме бірден ұнады. Негізі неше түрлі идеялар жетіп артылады ғой. Бірақ өміршең болатыны мүлде аз.

Хабар 24 телеарнасы