Кубада отандық вакцина балаларға сыналмақ

Кубада отандық вакцина балаларға сыналмақ

Куба билігі өзінің коронавирусқа қарсы отандық вакцинасын кәмелет жасқа толмаған балаларға сынамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы үкімет басшылары мен препаратты өндірген ғалымдардың баспасөз конференциясында белгілі болды. Жоспар бойынша клиникалық сынаққа шамамен 300-ге жуық 12 мен 18 жас аралығындағы жас өспірімдер қатысады. Жалпы кубалық дәрігерлердің айтуынша, сынақтан өтетін препарат 3 жастан асқан балаларға арналған. Бүгінде Куба елінде ковид індетіне қарсы 5 түрлі вакцина шығарылып, ғылыми зерттеуден өтуде. 

Висенте Верес, Финли институтының басшысы:

– Клиникалық сынақ алдымен ересек балаларға жүргізіледі. Келесі кезеңде 3 пен 11 жас аралығындағы бүлдіршіндірге сыналады. Жалпы препаратты бұған дейін мыңнан астам ерікті қабылдаған. Олардың 95 процентінде антиденелер байқалды.