Шри-Ланкада толассыз жауын салдарынан 4 адам қаза тапты

Шри-Ланкада толассыз жауын салдарынан 4 адам қаза тапты

Шри-Ланкада толасссыз жауған жаңбырдан су тасып, 4 адам опат болды. Тағы жетеуі жоғалып кеткен.

Осы маңайдағы 5 мыңнан аса тұрғын баспанасын тастап бас сауғалап кеткен. Күріш алқабын да су алды. Тас жолдарды су шайып, қатынау қиындаған. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік тұрғындарға қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатқанын айтады.