Біреу Макронның бетінен шапалақпен салып қалды

Бүгін Франция президентіне шабуыл жасалды. Дром департаментіне сапары барысында Эммануэль Макрон оқу орнынан шығып, тосып тұрған жергілікті тұрғындармен сәлемдеспек болады.

Президент қол алысқан ер адам оны осы сәтте шапалақпен тартып жіберді. Күзетшілер дереу араласып, Эммануэль Макронды қалқалады. Бұл оқиға бойынша екі адам қамауға алынған. Билік өкіліне жасаған шабуылы үшін оларға үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Республика президентіне күш көрсету оқиғасын демократияға жасалған шабуыл деп айтқым келеді. Демократия дегеніміз пікірталас, диалог, түрлі көзқарастардың қақтығысы, бұл заңды түрде қарсылық білдіру. Бірақ еш жағдайда күш көрсетуге болмайды.