Мумбайда тұрғын үйдің құлауынан 11 адам қаза тапты

Мумбайда тұрғын үйдің құлауынан 11 адам қаза тапты

Үндістанның Мумбай қаласында 2 қабатты тұрғын үй қирап түсті. Оқиғадан 11 тұрғын опат болды.

Мерт болғандардың 8-і бала. Тағы 7 адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр. Апат орнында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Мамандар қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артуы мүмкін дейді. Жергілікті билік жақын маңдағы апатты деп танылған 3 қабатты үйден адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Құтқару жұмыстарына өрт сөндірушілер, полиция мен еріктілер тартылған. Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға жауын-шашын себеп болуы мүмкін.