Украина тұрғыны «ханның қызына» арналған ең үлкен коллекция жинады

Украина тұрғыны «ханның қызына» арналған ең үлкен коллекция жинады

Украина тұрғыны екінші рет қызыл қоңызға арналған ең үлкен коллекция жинап, өзінің әлемдік рекордын жаңартты.

Қазір Надежда Комарованың бірегей жәдігерлерінің саны 20 мыңнан асады. 2019 жылы онда қызыл қоңызбен байланысты 5 жарым мыңдай ғана заты болған еді. Cоңғы 1 жарым жыл ішінде Надежданың үйінің барлық қабырғасы мен жиһазы осы жәндікке толды десе болады. Енді коллекционер мұражай ашуды ойластырып жүр.

Надежда Комарова, коллекционер:

- Адамдар үйіме келіп жинаған коллекциямды көргісі келетінін айтады. Бірақ өкінішке орай, мен онда отбасыммен тұратынымды, сондықтан оларды қабылдай алмайтынымды түсіндіремін. Жалпы қызыл қоңызға арналған музей ашу арманым. Оған көмектесетін адам да табылып қалатын шығар деген үміттемін.

Айта кету керек, түсі қызыл болып келетін бұл қоңызды «ханның қызы» деп те атайды.