Аланияда Абай саябағы ашылды

Түркияның Алания қаласындағы саябаққа Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ескерткіш авторы – Нұрлан Ахметов. Іс- шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Алания муниципалитеті мен Аланиядағы Қазақстандықтар қауымдастығы ұйымдастырған. Отандастарымыз атаулы күнге бір кісідей дайындалыпты. Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» әні орындалды.

Адем Мурат Южел, Алания муниципалитеті басшысы:

- Абай саябағын Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Аланиядан тарту етіп отырмыз. Ұлы ойшылдың есімі Ақындар аллеясында саябаққа берілуі бекер емес. Себебі, осы жерде түріктің белгілі 37 ақынының ескерткіші бой көтерген. Абай Құнанбайұлы саябағы, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы деп білемін. 100-ден астам ұлттық өмір сүретін мекеніне, түбі түркі жұртының ортақ тұлғасының есімі жарасып-ақ тұр.