Ұлыбританияда екпе салдырғандардың үнді штамынан қайтыс болғаны анықталды

Ұлыбританияда екпе салдырғандардың үнді штамынан қайтыс болғаны анықталды

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың үнді штамынан қайытыс болғаны анықталды.

Бұл туралы Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің зерттеулеріне сілтеме жасап, «Телеграф» газеті хабарлады. Ақпарға қарағанда, үнді штамынан көз жұмған 42 адамның 12-сі коронавиусқа қарсы екі дозаны алған екен. Бірақ сарапшылар вацина салдырғандардың нақты неден қайтыс болғанын әлі де зерттеу керек деп отыр.

Айта кетейік, Ұлыбританияда мамыр айынан бастап үнді штамының таралуы күшейген. Соңғы бір аптада ол 5 мыңнан аса адамнан анықталды.